Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;  
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 инвестициялар және даму Министрінің
 2014 жылғы «___» ________
 № ____ бұйрығымен
 бекітілді
Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы
1. Осы Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібін белгілейді.
2. Темір жол қатынасы деп жөнелту және межелі пункттер арасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау түсініледі.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген мағыналарда қолданылады.
2. Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібі
3. Темір жол қатынасын тоқтатуды темір жолдарды магистральдық темір жол желісінің белгілі бір учаскесінде одан әрі пайдалану экономикалық орынсыз (рентабельді емес) екендігіне байланысты темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысы негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты Ұлттық темір жол компаниясы уәкілетті органға жібереді.
Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсыныс еркін нысанда жасалады, Ұлттық темір жол компаниясының мөрімен бекітіледі және тиісті темір жолдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын және тиісті бағыттағы көліктің балама түрлерінің болуымен жолаушыларды, багаждарды, жүк-багажды және/немесе жүктерді тасымалдау көлемі туралы деректерді, магистральдық темір жол желісі операторы қызметінің пайдалану көрсеткіштері туралы мәліметтерді көрсете отырып, тиісті темір жол учаскесінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесін қамтуы тиіс.
Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысына:
1) темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы анықтама-негіздеме;
2) темір жол учаскесін күтіп ұстаудың және пайдаланудың шығындылығын растайтын экономикалық есеп, сондай-ақ қаржыландыру көлемін одан әрі пайдалану үшін қажетті ақпарат қоса беріледі.
4. Уәкілетті орган ұсынысты алған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде темір жол қатынасын тоқтату туралы Ұлттық темір жол компаниясы берген материалдарды қарайды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, аумағында темір жол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
5. Темір жол қатынасын тоқтату туралы материалдар қарауға жіберілген мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы орган оларды алған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды және келіседі немесе дәлелді себептермен қабылдамайды.
6. Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты мүдделі мемлекеттік органдармен және аумағында темір жол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органмен келіскеннен кейін, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде темір жол қатынасын тоқтату туралы бұйрық шығарады.
«Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің 2014 жылғы « »_________№__ бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі



2.

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгi (мемлекеттiк органның құзыреті)

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы



4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 мамырдағы № 554 Қаулысы

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді









Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердi көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет



Талап етілмейді

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында www .mid .gov .kz орналастырылған

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)





жоқ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаменті директоры М. Елеусіз
Полная версия
ИС BestProfi