Близость слов: Окончание:





«Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы
«Темiр жол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетін қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;  
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 инвестициялар және даму Министрінің
 2014 жылғы «___» ________
 № ____ бұйрығымен
 бекітілді
Темiр жол көлiгімен тасымалдау кезінде жүктердің әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесi
1. Осы Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Темiр жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердiң әскерилендiрілген күзетiн ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi. 
2. Осы Ереженiң әрекетi әскери және арнайы тасымалдарға қолданылмайды. 
3. Осы Ережедегi ұғымдар Қазақстан Республикасының " Темiр жол көлігі туралы " 2001 жылғы 8 желтоқсандағы және " Күзет қызметi туралы " 2000 жылғы 19 қазандағы Заңдарында айқындалған мағынада пайдаланылады. 
Полная версия
ИС BestProfi