«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2015 жылғы № 75 Қаулысымен (07.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2015 жылы № 43(28521)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 19.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2015 жылғы № 75 Қаулысымен (07.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2015 жылы № 43(28521)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері мыналар болып табылады:
1) концессия объектісінің техникалық күрделілігі*;
2) концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу;
3) концессиялық жобаны республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланады және/немесе осы концессиялық жобаларды іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылады;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен астам көрсеткішті құрайды.
* «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес объект құрылысының техникалық күрделілігі жауапкершіліктің бірінші деңгейі – жоғарыға жатқызылатын жағдайда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.02.2019 жылғы № 82 Қаулысына сәйкес (19.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.11.2019 жылғы № 828 Қаулысына сәйкес (21.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
P/ c № |
Атауы |
1 |
2 |
|
|
|
|
1. |
«Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ)» автокөлік жолын салу және оны пайдалануға беру |
2. |
Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және оны пайдалануға беру |
3. |
Алматы қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру |
4. |
Қарағанды қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру |
Полная версия