Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.02.2023
Экспорттық бақылау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300-III Заңы
Осы Заң күшін жойды ҚР 28.12.2022 жылғы № 172-VІI Заңына сәйкес
Редакция 01.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң халықаралық және ұлттық қауіпсіздік мүддесіне орай қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндіру мен пайдалануға байланысты шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтудың негіздері мен тәртібін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 30.06.2010  жылғы № N 297-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілер, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын өндіру үшін қолданылуы мүмкін жабдықтар, материалдар, шикізат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;
2) жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару;
3) жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен пилотсыз әуе кемелері (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);
3-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңымен (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2023 жылдан бастап)
4) зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтар - қару-жарақпен, әскери техникамен, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық-есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрациялар мен үш деңгейлі шығармаларға авторлық құқықтар, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның ішінде "ноу-хау" өндірісінің құпияларына құқықтар;
5) импорт – өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
6) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі - импорттаушының (түпкі пайдаланушының) өнімді мәлімделген мақсаттарға пайдалану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу және оны уәкілетті органның келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша сендіруі;
7) кепілдік міндеттеме  - импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны сатушы елдің келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің ресми сендіруі;
7-тармақша өзгертілді ҚР ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) кері импорт - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетілген қазақстандық өнімнің өзгеріссіз жағдайда қайта әкелінуі;
9) кері экспорт - Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген, оның аумағына бұрын әкелінген өнімді әкету не Қазақстан Республикасында шығарылған өнімді басқа мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету;
10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары - заңдарда белгіленген құзыреті шегінде экспорттық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
11) өнім - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат;
12) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу - Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық тауарларды өңдеу және өнімді кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;
13) өнімнің номенклатурасы (тізімі) - экспорттық бақылауға жататын тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және ақпараттың тізбесі;
14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) - өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;
15) транзит - өнімге кедендік бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;
Полная версия
ИС BestProfi