Близость слов: Окончание:





«Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы негіздерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы негіздерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығы 1-бабының 9 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары  бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, соның ішінде интернет-ресурсқа және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, оның көшірмесінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін жолданылуын;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жолдамалар туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін».
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялармен даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары
1. Осы Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 76-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген, әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды және жолаушыларды, багажды және жүктердi әуеде тасымалдаудың, оларға қатысты қызмет көрсетудi қоса алғанда, технологиялық процестерiнің барлығына қолданылады.
2. Халықаралық тасымалдарды орындау кезiнде осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ аумағына, аумағынан немесе аумағы арқылы осындай тасымалдар жүзеге асырылатын елдiң заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) агент – авиакомпанияны бiлдiретiн, осы авиакомпанияның әуе кемесiнiң, экипаждың, жолаушылардың, багаждың, жүктiң, поштаның және борттық қорлардың келуiне, жөнелтiлуiне және ресiмделуiне байланысты барлық рәсiмдердi орындау кезінде ол тiкелей уәкілеттік берген немесе оның атынан әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi