Близость слов: Окончание:





«Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің
жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін. 
2. Газ өнеркәсібін дамыту департаментіне: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға БАҚ - қа жіберуді;
3) «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жолдауын; 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы «____» _________
 № ______ бұйрығымен
 бекітілген
Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары  (бұдан әрі - Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің өзара әрекеттерінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңға  сәйкес қолданылады.
2. Орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібі 
Полная версия
ИС BestProfi