Близость слов: Окончание:





«Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 13 қазандағы № 14381 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметттік даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі бұйрығының жобасын қарап келесіні хабарлаймыз.
  1. «Мұнай мен газ өндіру», «Ұңғымаларды бұрғылау» бөлімдеріндегі 1, 4-тармақтарда біліміне қойылатын талаптарды көрсетуді ұсынамыз.  
2. «Ұңғымаларды бұрғылау» бөліміндегі «Вакуумді қондырғының машинисі» 1-тармағында, «Колтюбингтік қондырғының машинисі» 2-тармағында, «Свабтау агрегатының машинисі» 3-тармағында, «Мұнай мен газ өндіру» бөліміндегі «Ұңғымаларды депарафинизациялауға арналған жылжымалы агрегаттың машинисі» 2-тармағында біліміне қойылатын талаптарды айқындау кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес «техникалық орта және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіби орта)» деген сөздерді «орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіби білім» деген сөздермен ауыстыруды ұсынамыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жіберуді сұраймыз.
Полная версия
ИС BestProfi