Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 қыркүйекте № 9729 тіркелді
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2024 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (26.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 184 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 10 мамырда № 7633 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 4 тамыздағы № 251-253 (27070-27072) санында, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2012 жылғы 2 тамыздағы № 9 актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2017 жылғы № 47 Бұйрығымен (13.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 21.05.2019 жылғы № 451 Бұйрығымен (23.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 20.08.2019 жылғы № 720 Бұйрығына сәйкес (21.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қылмыстық-атқару жүйесі бөліністерінің тәрбие қызметтері қызметкерлерінің бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін, оның ішінде: