Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2022
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қыркүйекте № 9762 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 07.07.2022 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)  
Редакция 29.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117, 161, 162, 170, [173|521122553]]-баптарына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2019 жылғы № 872 Бұйрығына сәйкес (20.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 05.01.2022 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (23.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасы бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 117 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7616 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі № 211-212 (27030-27031) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған)) бірлескен бұйрығының;
2) «Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 93 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7656 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымдағы № 199-200 (27018-27019) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған)) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М.Бердалин):
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін (Б.М. Бердалин).
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Денсаулық сақтау және  
 әлеуметтік даму министрі
 Т. Дүйсенова
 2014 жылғы 2 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2014 жылғы 19 қыркүйектегі
 № 530 бұйрығына 1-қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2015 жылғы № 677 Бұйрығымен (19.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 20.08.2018 жылғы № 574 Бұйрығына сәйкес (06.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi