Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қазанда № 9779 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2020 жылғы № 17 Бұйрығына сәйкес       
Редакция 31.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2018 жылғы № 272 Бұйрығына сәйкес (04.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (Ә. А.Смайылов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 33 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
2.Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Комитет ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Комитетке, заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болады.
4.Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
5.Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
Полная версия
ИС BestProfi