1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығымен
Бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау
міндеттемелерін беру ережесі
Жалпы ережелер
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабының 14-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және ескерткіштердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларға тарих және мәдениет ескерткіштеріне (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау міндеттемелерін беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу сәтіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;
2) меншік иесі - өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткішіне қатысты иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.
Қорғау міндеттемелерін ресімдеу және беру тәртібі
3. Ескерткіштің меншік иесі немесе пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.
4. Жергілікті атқарушы органдар хабар алған сәттен бастап не тарихи-мәдени мұра объектісіне ескерткіш мәртебесін берген сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қорғау міндеттемесін ресімдейді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 № 467 Қаулысымен.
5. Қорғау міндеттемесінде:
оны ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйі;
меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ескерткішті күтіп-ұстау шарттары тіркеледі.
Қорғау міндеттемесін ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйін тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдар меншік иелерімен немесе пайдаланушылармен бірлесіп, ескерткішке техникалық байқау жүргізеді, оның деректері қорғау міндеттемесіне енгізіледі.
6. Ансамбльді құрайтын ескерткіштердің қорғау міндеттемелерін ресімдеу кезінде техникалық байқау деректері ескерткіштің әрқайсысы бойынша жеке тіркеледі.
7. Ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтары ауысқан кезде жергілікті атқарушы органдар осы Ережеде көзделген тәртіппен қорғау міндеттемесін қайта ресімдеуді жүзеге асырады.
8. Қорғау міндеттемесін беруді оны ресімдегеннен кейін үш күннің ішінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
«Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi | Мемлекеттік органның |
| 1 | Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
|
| 2 | Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыреті) | 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-4) тармақшасына сәйкес |
| 3 | Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы « » Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатыында |
| 4 | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерің көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6 | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме | Жоқ |
| 7 | Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет | Жоқ |
| 8 | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mkі.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады |
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Заң қызметі
департаментінің директоры М. Жақсыбеков

