Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысының 22-тармақтың 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы
1. Келесі:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес балық аулауға;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың Үлгі нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығына 1-қосымша
Үлгі нысаны
Балық аулауға арналған шарт
____________қаласы 20___жыл«__»__________
____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган)
бұдан әрі «Әкімдік» деп аталатын, _________________________________
____________________________________________________________________
(басшының тегі аты әкесінің аты (болған кезде))
атынан Ереже негізінде әрекет ететін, _______________________________
Полная версия

