«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатындаауыл шаруашылығы дақылдарынөңдеуге арналған гербицидтердiң,биоагенттердiң (энтомофагтардың)және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Өсiмдiктердi қорғау мақсатындаауыл шаруашылығы дақылдарынөңдеуге арналған гербицидтердiң,биоагенттердiң (энтомофагтардың)және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату бойынша жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаржы есебінен және шегінде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
2. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтердің құнын арзандатуға (50 %-ға дейiн);
2) биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың құнын арзандатуға (40 %-ға дейiн) бөлiнедi.
Полная версия

