Близость слов: Окончание:





«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Айтмұхаметов Қ.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;  
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға он күнтiзбелiк күн ішінде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін .
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А.Өскенбаевқа жүктелсін.  
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2014 жылғы __ _______
 № ____ бұйрығымен
 бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтiк қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);
2) сараптамалық жұмыстар – ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргiзу жөнiндегi жұмыстар;
3) сарапшы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтердің белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi