«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-12) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңының 1-бабы 141-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу қағидаларын бекiту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу қағидаларын бекiту туралы
Қоса берiлiп отырған Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В.Петров) заңда белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген соң күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi басылымдарда және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялау үшiн жiберудi;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу
қағидалары
Осы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының (бұдан әрі – құтқарушылар) сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының (бұдан әрі – құтқарушылар) сыныптылығына үстемеақылар төлеу тәртібін айқындайды.
Аттестаттау барысында сыныптылық берілген, сондай-ақ қайта аттестаттау барысында оны растаған құтқарушыларға, базалық лауазымдық жалақыларына Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген мөлшерде үстемақы төленеді.
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының сыныптық біліктілік беру туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі.
Құтқарушыларға сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу сәйкес жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
______________________________
Полная версия

