Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1066 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.02.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 8 қазандағы
 № 1066 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
«1) кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек, оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар беру, психологиялық бейімдеу бойынша қызмет көрсету;»;
«1) Бағдарламаға қатысушылар - жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
2) Бағдарлама операторы - халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа белсенді шаралары.»;
«Жұмыс беруші мәлімдеген кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға жіберілетін Бағдарламаға қатысуға үміткерлер осы Қағиданың 31-тармағында көзделген тәртіппен бекітілген өңір аумағында, ал олар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесінен білім беру ұйымын жұмыс берушімен келісім бойынша дербес таңдайды.»;
Полная версия
ИС BestProfi