Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2014 жылғы « »
 № бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу
пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы
стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің
1. Қазақстан Республикасы қалаларының әуежайларында халықаралық
авиатасымалдар үшін ашық өткізу пункттері 
 

Астана

Астана қаласы

Алматы

Алматы қаласы

Қарағанды

Қарағанды қаласы

Жезқазған

Жезқазған қаласы

Ақтау

Ақтау қаласы

Ақтөбе

Ақтөбе қаласы

Атырау

Атырау қаласы

Орал

Орал қаласы

Қостанай

Қостанай қаласы

Петропавл

Петропавл қаласы

Павлодар

Павлодар қаласы

Семей

Семей қаласы

Өскемен

Өскемен қаласы

Шымкент

Шымкент қаласы

Тараз

Тараз қаласы

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
теңіздегі және өзендегі өткізу пункттері 
1) теңіздегі халықаралық өткізу пункттері:
 

Ақтау

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Баутино

Маңғыстау облысы, Баутино кенті

2) Ресей Федерациясымен шекара арқылы өзендегі өткізу пункті:
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
1) Ресей Федерациясымен шекара арқылы теміржол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
 

Ганюшкино

Атырау облысы

Жайық

Батыс Қазақстан облысы

Сайқын

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау

Батыс Қазақстан облысы

Қыргелді

Ақтөбе облысы

Жайсаң

Ақтөбе облысы

Ақсу

Қостанай облысы

Боскөл

Қостанай облысы

Қайрақ

Қостанай облысы

Мағынай

Қостанай облысы

Пресногорьков

Қостанай облысы

Мамлютка

Солтүстік Қазақстан облысы

Булаев

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов

Павлодар облысы

Мыңкөл

Павлодар облысы

Шарбақты

Павлодар облысы

Ауыл

Шығыс Қазақстан облысы

Шемонаиха

Шығыс Қазақстан облысы

Жезкент

Шығыс Қазақстан облысы

2) Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
 

Бейнеу

Маңғыстау облысы

Сарыағаш

Оңтүстік Қазақстан облысы

Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк өткізу пункттері:
3) Қырғыз Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
4) Қытай Халық Республикасымен шекара арқылы теміржол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
 

Достық

Алматы облысы

Алтынкөл

Алматы облысы

5) Түрікменстанмен шекара арқылы теміржол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
автомобиль өткізу пункттері және Қазақстан Республикасының
аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері 
1) Қытай Халық Республикасымен шекара арқылы халықаралық өткізу пункттері:
 

Қорғас

Алматы облысы

Достық

Алматы облысы

Көлжат

Алматы облысы

Бақты

Шығыс Қазақстан облысы

Майқапшағай

Шығыс Қазақстан облысы

2) Ресей Федерациясымен шекара арқылы халықаралық өткізу пункттері:
 

Құрманғазы

Атырау облысы

Тасқала

Батыс Қазақстан облысы

Сырым

Батыс Қазақстан облысы

Ақсай

Батыс Қазақстан облысы

Әлімбет

Ақтөбе облысы

Жайсаң

Ақтөбе облысы

Қайрақ

Қостанай облысы

Ақбалшық

Қостанай облысы

Жаңа Жол

Солтүстік Қазақстан облысы

Қарақоға

Солтүстік Қазақстан облысы

Қызыл Жар

Солтүстік Қазақстан облысы

Үрлітөбе

Павлодар облысы

Қосақ

Павлодар облысы

Шарбақты

Павлодар облысы

Ауыл

Шығыс Қазақстан облысы

Үбе

Шығыс Қазақстан облысы

Жезкент

Шығыс Қазақстан облысы

 

Жәнібек

Батыс Қазақстан облысы

Орда

Батыс Қазақстан облысы

Шаған

Батыс Қазақстан облысы

Қарашатау

Ақтөбе облысы

Қондыбай

Қостанай облысы

Желқуар

Қостанай облысы

Аят

Қостанай облысы

Обаған

Қостанай облысы

Бидайық

Солтүстік Қазақстан облысы

Амангелді

Павлодар облысы

Найза

Павлодар облысы

Байтанат

Шығыс Қазақстан облысы

Қоянбай

Шығыс Қазақстан облысы

3) Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы халықаралық өткізу пункттері:
 

Тәжен

Маңғыстау облысы

Жібек Жолы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Б. Қонысбаев

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қапланбек

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт

Оңтүстік Қазақстан облысы

5) Түрікменстанмен шекара арқылы халықаралық өткізу пункттері:
6) Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттері:
 

Р/с №

Бекеттің атауы

Облыстың немесе қаланың атауы

Автожолдың атауы

1

2

3

4

1.

Бурабай

Ақмола

Астана-Петропавл, 253 км

2.

Еркін

Алматы

Алматы-Өскемен, 270 км

3.

Қарабұтақ

Ақтөбе

Самара-Шымкент, 965 км

4.

Қобда

Ақтөбе

Орал-Ақтөбе, 618 км

5.

Семей

Шығыс Қазақстан

Омбы-Майқапшағай, 757 км

6.

Ақжайық

Батыс Қазақстан

Орал-Атырау, 126 км

7.

Молодежный

Қарағанды

Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясының шекарасы, 1066 км

8.

Жезқазған

Қарағанды

Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км

9.

Қарабалық

Қостанай

Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы, 422 км

10.

Ақтай

Қызылорда

Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км

11.

Бейнеу

Маңғыстау

Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты, 844 км

12.

Ленинский

Павлодар

Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км

13.

Мамлютка

Солтүстік Қазақстан

Челябі-Новосібір, 496 км

14.

Шақпақ Баба

Оңтүстік Қазақстан

Алматы-Ташкент, 594 км

15.

Қызыл Жар

Астана қаласы

Екатеринбург-Алматы, 1281 км

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрық жобасына анықтама-негіздеме
 

Р/с №

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Автомобиль көлігі туралы»

2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, дәлелдері және акт неге байланысты қабылданды)

Халықаралық және ішкі автомобиль тасымалдарын іске асыру кезінде жеке кедергілерді алып тастау мақсатында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және оларды өзгерту және толықтыру туралы ұсыныс әзірлеу немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

« Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысы

5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17- тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер



Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акті республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылды

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін).

Жоқ

  

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрлігі

Заң департаментінің

директоры





2014 жылғы «____» __________







А. Алиақпаров

Полная версия
ИС BestProfi