Близость слов: Окончание:





«Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру 
1. Осы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының
1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 14-3) тармақшасына сәйкес әзірленген әрі тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру тәртібін айқындайды.  
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
алдын ала есепке алу тізімі - тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;
арнайы комиссия - тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөніндегі уәкілетті органның арнайы комиссия.  
есепке алу карточкасы - тарихи-мәдени мұра объектісінің алғашқы мәліметтерін, қысқаша сипаттамасы мен иллюстрациялық материалын қамтитын құжат;
қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп ұстау шарттары тіркелетін құжат;
тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты (бұдан әрі - паспорт) - тарих және мәдениет ескерткіші туралы ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын, ескерткіштің негізгі құжаты болып табылатын құжат;
меншік иесі - оларды өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткішіне қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті орган) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
тарихи-мәдени мұра объектілері - тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;
тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды.  
Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтау 
3. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қамтамасыз етеді. 
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мақсатында тиісті аумақтарда зерттеу жұмыстарын жүргізу; 
2) анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізіміне енгізу. 
5. Тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. 
6. Есепке алу осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектісінің есепке алу карточкасын жасау жолымен жүзеге асырылады. 
   Тарихи-мәдени мұра объектілерінің кешені ретінде ансамбль үшін есепке алу карточкасы әрбір объект бойынша жеке жасалады.   
7. Тарихи-мәдени мұра объектісін есепке алу карточкасы жеке қосымша бетпен ресімделетін жаңа деректер алынған кезде толықтырылуы тиіс.  
8. Тарихи-мәдени мұраның анықталған объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалуы тиіс.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мәртебе беру 
9. Тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану оларды міндетті түрде ресми жариялануға тиісті халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекіту арқылы баянды етіледі.
Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін алады.  
10. Тарихи-мәдени мұра объектісі тарих және мәдениет ескерткіші деп танылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспортты ресімдейді.  
11. Ескерткіштің паспорты жекелеген қосымша бетпен ресімделетін жаңа дерек алынған кезде толықтырылуы тиіс.  
12. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізу үшін ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынады.  
13. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің мәртебесін беру тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде уәкілетті органның арнайы комиссиясының келісімімен уәкілетті орган бекітетін тарихи-мәдени мұра объектісін республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу болып табылады.  
14. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі уәкілетті орган бекітеді.  
15. Уәкілетті органның арнайы комиссиясының қарауына мынадай құжаттармен қоса ұсыныс енгізіледі:
есепке алу карточкасының немесе төлқұжаттың көшірмесі;
тарихи-мәдени сараптаманың оң қорытындысы.
16. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру тарихи-мәдени мұра сараптамасы негізінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы бекітетін жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
17. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыруға әрі Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісімі бойынша уәкілетті органның шешімімен ғана жол беріледі.  
18. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру және республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау үшін жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
2) есепке алу карточкасының көшірмесі;
5) объектінің толық түгел жойылғаны және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқандығы туралы тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы.  
19. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыруға және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімнен шығарып тастауғаобъект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органның шешімімен ғана жол беріледі.
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін айыру және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімінен шығару үшін жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіпке сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізуі тиіс.  
20. Арнайы комиссия республикалық және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік тізімнен шығарып тастау туралы шешімді хаттамамен ресімделетін тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде қабылдайды.
ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІСІ 
ОБЪЕКТ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 
УЧЕТНАЯ КАРТОЧКА
 

Алғашқы деректер

Первичные сведение

1.

Объектінің

атауы

Наименование

объекта





2.

Типологиялық

тиістілігі

Типологическая

принадлежность

Археология

Археология

Қала құрылысы және

сәулет

Градостроительство

и архитектура

Ансамбль

Ансамбль













3.

Объектінің

мерзімделуі

Датировка

объекта





4.

Техникалық

жай-күйіне

сипаттама

Характеристика

технического

состояния

Жақсы

Хорошее

Қанағаттанарлық

Удовлетворительная

Қанағатта-

нарлықсыз

Неудовлет-

ворительная













Объектінің қысқаша сипаттамасы

Краткое описание объекта





Объектінің иллюстрациялық материалы

Иллюстративный материал объекта

Қосымша

Приложение

Жалпы көрінісінің cуpeтi -

Фото общего вида -

Фото фрагмент -

Фото фрагмент -

Карточканың

жасалған күні

Дата составления

карточки





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІ 
ПАМЯТНИК ИСТОРИИ И КУЛЬТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
 

1.

Ескерткіштің

атауы

Наименование

памятника





2.

Типологиялық тиіcтiлігi

Типологи-

ческая при-

надлежность

Археология

Археология

Қала құрылысы және сәулет

Градостроительства и архитектуры

Ансамбль

Ансамбль













3.

Ескерткіштің

мерзімделуі

Датировка

памятника





4.

Ескерткіштің

тұрған жері

Местонахож-

дение

памятника

____________________________________________________

(облыс, қала, аудан, елді-мекен, село, көше)



____________________________________________________

(область, город, район, населенный пункт, улица)

5.

Қaзipгi

кездегі

пайдалану

сипаты

Характер современного использования

Бастапқы

белгілеу

ойынша

По первоначальному назначению

Мәдени ағарту- шылық

Куль- турно- просве- тильское

Туристік- экскур сиялық

Туристско- экскур- сионное

Емдеу- сауық- тыру

Лечебно- оздоро- витель-

ное

Үй- жайлар Жилые поме- щения

Шаруа- шылық Хозяй- ственное

Қолда- нылмайды

Не

исполь-

зуется





























6.

Қосымша

Приложение

Жалпы көрінісінің

cуpeтi -

Фото общего вида -

Фото фрагмент -

Фото фрагмент -

Бас жоспар -

Генплан -

Өлшемдер -

Обмеры -

Қорғау аймағының схемалық жоспары -

Схематический план охранной зоны -

7.

Тарихи мәліметтер:

Исторические сведения:

а) ескерткіштің бастапқы келбетін өзгерткен қайта құрулар мен жойылулар:

а) перестройки и утраты, изменившие первоначальный облик памятника:

б) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары (жалпы сипаттамасы, уақыты, авторы, құжаттаманы сақтау орны):

б) научно-реставрационные работы (общая характеристика, время, автор, место хранения документации):



8.

Ескерткіштің сипаттамасы:

Описание памятника:

__________________________________________________________________



9.

Негізгі библиография, мұрағаттық түпнұсқалар, иконографиялық материал:

Основная библиография, архивные источники, иконографический

материал:

__________________________________________________________________





10.

Техникалық

жай-күйі:

Техническое

состояние:

жақсы

хорошее

қанағаттанарлық

удовлетворительная

қанағаттанар-

лықсыз

неудовлетвори-

тельная

авариялық

аварийное

















11.

Техникалық жай-күйіне сипаттама:

Характеристика технического состояния:

__________________________________________________________________

12.

а) ескерткіш мәртебесі:

а) статус памятника:









б) қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймағының шекарасы:

б) границы охранной

зоны и зоны регулирования

застройки:









в) меншік түpi:

в) вид собственности:









г) қорғау міндеттемесінің

берілген күнi және нөмipi

г) дата выдачи и номер охранного обязательства





13.

Паспорттың

толтырылған күні:

Дата составления

паспорта:

20__ж. «___» ____________

«___» ____________ 20___г.

Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органының өкілі: 
Представитель местного исполнительного органа области (города республиканского значения, столицы):  
 ____________________________________________________________ (қолы) (подпись) 
«Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы « » №   бұйрыққа анықтама-негіздеме
 

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның

ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі



2

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыреті)

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының

1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының

19-бабының 14-3) тармақшасына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2014 жылғы « » Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатыында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы

мәліметтер

Жоқ

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерің көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Жоқ

7

Нормативтік құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлiмет

Жоқ

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mkі.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

департаментінің директоры М. Жақсыбаев
Полная версия
ИС BestProfi