«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қоса беріліп отырған мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2014 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2014 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген әрі мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Полная версия

