Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін қамтамассыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Б.Б. Атамқұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі А. Исекешев





Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» ________

_______ бұйрығымен бекітілген





«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.
Полная версия
ИС BestProfi