«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған «Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (Есімханов С.Қ.) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр В. Школьник
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрi Е. Досаев ______________ 2014 жылғы «____» _________
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрi Ә . Исекешев ______________ 2014 жылғы «____» _________
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 20___ жылғы «__»_________ № __ бұйрығымен бекітілген
«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) атом станцияларының (бұдан әрі - AC) ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбыржолдар мынадай қауіпсіздік сыныптарына жатады:
1) 1-қауіпсіздік сыныбы. 1-қауіпсіздік сыныбына істен шығуы персоналды және (немесе) халықты сәуле алуға, радиоактивті заттардың шығарындысының (тастандысының) қоршаған ортаға жобадағы авариялар үшін белгіленген шектен артық шығуына әкеліп соғатын жобадан тыс авариялардың бастапқы оқиғалары болуы мүмкін элементтер жатады;
2) 2-қауіпсіздік сыныбы. 2-қауіпсіздік сыныбына істен шығуы жобадағы аварияларға әкеп соғатын бастапқы оқиға болуы мүмкін элементтер жатады;
Полная версия

