Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Еңбек төрелігі туралы Үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қыркүйекте № 9751 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 25-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еңбек төрелігі туралы Үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2014 жылғы 20 тамыздағы
№ 16 бұйрығымен
бекітілген
1. Еңбек төрелігі уақытша жұмыс істейтін бітімгерлік комиссиясында келісімге келмеген кезде еңбек дауын шешу үшін уәкілетті адамдарды тарта отырып ұжымдық еңбек дауының тараптары құратын орган.
2. Еңбек төрелігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2. Еңбек төрелігінің міндеттері мен функциялары
1) ұжымдық еңбек дауын сотқа дейін реттеу;
2) ұжымдық еңбек дауын қарау кезінде қызметкерлер және жұмыс берушілердің еңбек құқықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Еңбек төрелігі өзіне жүктелген негізгі міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
егер ұжымдық еңбек дауы бітімгерлік комиссия арқылы жүйелі түрде реттелмеген болса, ұжымдық еңбек дауын қарайды;
мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
ұжымдық еңбек дауының тараптарына ұжымдық еңбек дауының туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;
өз құзыреті шегінде қаралатын ұжымдық еңбек дауы бойынша тараптар үшін міндетті шешімдер қабылдайды.
5. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесе өңірлік комиссия мүшелерінің қатысуымен медиация тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде құрады.
6. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан құрылуға тиіс.
Еңбек төрелігінің құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгізіледі.
Еңбек төрелігінің мүшелері еңбек төрешісі ретінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде өздеріне белгілі болған мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтайды.
7. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек төрелігі мүшелерінің қатарынан сайлаған төраға басқарады.
8. Еңбек төрелігі туралы ережені ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен бекітіледі.
9. Ұжымдық еңбек дауын қарау тәртібі (нысан, шешімнің мазмұны, ұжымдық еңбек дауын қарауды тоқтата мүмкіндігі) тараптардың келісімімен айқындалады.
Ұжымдық еңбек дауды қарау рәсімін (ұжымдық еңбек дауының тараптарына және әлеуметтік әріптестік органдарына шешімді тапсыру, шақыруды және отырыстарды өткізуді ұйымдастыру) еңбек төрелігі айқындайды және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткізіледі.
10. Ұжымдық еңбек дауын еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі адамдар өкілдерінің қатысуымен қарайды.
11. Еңбек төрелігі өз құзыреті шегінде:
ұжымдық еңбек дауы тараптарынан осы дауды қарауға қажетті ақпаратты алады;
еңбек төрелігі процесіне қатысу үшін лауазымды адамдарды және ұйымдардың басқа да қызметкерлерін, ал қажет болған жағдайда - сарапшыларды және консультанттарды шақырады;
ұжымдық шарттарда, келісімдерде қамтылған нормаларға құқықтық баға береді.
12. Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Еңбек төрелігінің бір немесе бірнеше мүшесі дәлелді себептермен болмаған кезде дауыс беру құқығын беруге, сол сияқты басқа адамдар үшін ұжымдық еңбек дауы тараптары актілерінің негізінде дауыс беруге жол беріледі.
Еңбек төрелігі мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім дәлелді, жазбаша нысанда жазылуға және отырысқа қатысқан төрелік мүшелерінің барлығы қол қоюға тиісті.
13. Еңбек төрелігінің шешімі ұжымдық еңбек дауы тараптарының орындауы үшін міндетті болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi