Близость слов: Окончание:





«Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;  
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2014 жылғы « »
 № бұйрығымен
 бекітілген
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы  
1. Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына және «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына сәйкес әзірленген және залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізуді ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) ұзартуды белгілейді.
2. Осы Қағидада уәкілетті орган деп темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі.
3. Осы Қағидада Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушы деп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға ұғынылады.
Полная версия
ИС BestProfi