Близость слов: Окончание:





«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17 бабының 38-8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қоса берілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың
ашық конкурстарын өткізу ережесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті қамтамасыз етсін:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралына жіберуді және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялауды.
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің
ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика вице – министрі Т.Ә. Ахсамбиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы « »
№ бұйрығымен бекітілді
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесі
1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурсын өткізу тәртібін айқындайды.  
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:  
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоба - қоршаған ортаны қорғау саласындағы белгілі бір мақсатқа (мақсаттарға) жетуге бағытталған жоспарланған іс-шара;  
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтар - шұғыл практикалық жүзеге асу үшін неғұрлым маңызды деп танылған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтің бағыттары.  
3. Экологиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган не жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың (бұдан әрі - жобалар) ашық конкурстарын өткізу жолымен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобаларды іріктеуді жүргізеді.  
2.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібі
4. Жобалардың ашық конкурсының үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады: 1)конкурс шарттарын бекіту;  
3) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымында хабарландыру жариялау;
5) конкурстың қорытындыларының хаттамасына қол қою.  
5. Конкурстың шарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган не жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) бекітеді.
Конкурс шарттары конкурсты өткізу шарттарын және жобалардың мақсаттарын, мерзімдерін және іске асыру шарттарын қамтитын жобаларға қойылатын талаптардан тұрады.  
6. Конкурсты ұйымдастырушы саны кемінде жеті адамнан конкурстық комиссия құрады. Конкурстық комиссия төрағадан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. 
7. Жобалардың ашық конкурсын өткізу туралы хабарландыруда мына мәліметтер болуға тиіс:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;  
8. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау күніне дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.  
Хабарландырулар бір мезгілде конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылуы мүмкін.
9. Конкурстық комиссия жобалары бар конверттерді жобалардың ашық конкурсын өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде және орында ашады.  
Жобаны ұсынған ұйымның өкілі жобалары бар конверттерді ашқан кезде қатысуға құқылы.  
10. Жобалары бар конверттерді ашқан кезде конкурстық комиссия  
қатысушы тұлғаларға конкурсқа қатысушы ұйымдардың атаулары мен  
орналасқан жерлерін және ұсынылған жобалардың атауларын хабарлайды.  
11. Конкурстық комиссия конкурсты өткізу қорытындылары бойынша осы Ережеге қосымшада көрсетілген өлшемдер негізінде конкурсқа ұсынылған жобаларды қарайды.  
Конкурстық жобаларды бағалау әрбір өлшем бойынша баллдарды қосу жолымен жүргізіледі.  
Екі немесе бірнеше жобалық ұсыныстардың жиынтық баллдары тең болған жағдайда аз болжамды құнды ұсынып отырған жобаға ықылас беріледі.  
12. Конкурстық ұсыныстарды бағалауды конкурстық комиссия конверт ашылған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде өткізеді.  
13. Конкурс мынадай жағдайларда өткізілмеді деп танылады:  
1) егер конкурсқа конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде-бір жоба ұсынылмаған болса;  
2) егер қарау нәтижелері бойынша барлық ұсынылған жобалар тиімділігі аз деп бағаланса.  
14. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
15. Конкурс нәтижесінде конкурс шарттарына сәйкес келетін және жоба шарттары бойынша неғұрлым басымды болып табылатын бір жоба таңдалуға тиіс.  
Конкурстың нәтижелері конкурсты өткізу туралы хабарландыру болған баспа басылымында жарияланады.
16. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады
Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікір білдіреді, оны жазбаша түрде береді және конкурс қорытындыларының хаттамасына қоса тіркейді.  
Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы жобаларды
ашық конкурстарын
өткізу ережесіне
қосымша
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурсына ұсынылған жобаларды бағалау өлшемдері
1. Жобаның қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтарға сәйкестігі: 
жұртшылықпен жұмыс істеу және ақпарат тарату - 15 балл; 
биологиялық әртүрлілікті сақтау - 30 балл; 
экологиялық таза технологияларға инвестициялар - 35 балл. 
ғылыми негіздемесі және техника-экономикалық негіздемесі бар - 30 балл; 
егжей-тегжейлі жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген - 50 балл. 
инновациялар болашақта таратылуы мүмкін - 25 балл. 
7. Қоршаған ортаны қорғау саласында басымдықтарға қол жеткізу: 
басымдықтарға қол жеткізілмейді - 0 балл; 
басымдықтарға ішінара қол жеткізіледі - 10 балл; 
басымдықтарға толық қол жеткізіледі - 30 балл. 
8. Жиынтық қойылған баллдарға сәйкес жобалар былай бағаланады: 
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы «__» _____________№__ бұйрығына
АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің

17 бабыны ң

38-8 ) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)



Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі

№ 239-V заңына сәйкестендіру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқарудың арасында өкілеттілікті бөлу жөніндегі мәселелеріне өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы»

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы

27
шілдедегі

638 « Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы » Қаулыс ы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы

« »__________№ ___ Қаулысымен күшін жойды

5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы 2006 жылғы 17 тамыздағы

№ 778 Қазақстан Республикасының «
Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қаулы жобасы

жоқ



6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Жоқ

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігінің

www . energo . gov . kz интернет-ресурсында орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)





 



Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

Заң қызметі департаментін

директоры







М. Хайруллин









Полная версия
ИС BestProfi