«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдағаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы «____» ___________ №______ бұйрығымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар
Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Сертификаттық талаптар әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Сертификаттық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
2) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау - ұшу қағидасын, ұшуды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және орындауды регламенттейтін құжат;
Полная версия

