«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдағаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы «____» ___________ №______ бұйрығымен бекітілген
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы
сертификатын беру қағидасы
Жалпы ережелер
1. Осы Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына , Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидада коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау, оларға пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі – пайдаланушы сертификаты) беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі айқындалады.
3. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзімі көрсетіліп, 2 жыл мерзімге беріледі және басқа тұлғаға беруге жатпайды.
4. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркеледі, онда оған үш әріптік код пен телефонның шартты түрде шақыру белгісі беріледі. Тіркеу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) сұрау жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
Полная версия

