«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларын бекіту туралы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдағаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы «____» ___________ №______ бұйрығымен бекітілген
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (II бөлім) 6-қосымшасына (1944 ж. Чикаго) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз киллограммнан кем болатын және сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды пайдаланатын, сондай-ақ сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмннан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивты (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындауға жіберу тәртібін анықтайды.
3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) өтініш беруші – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде есепке тұру немесе жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау құқығына арналған куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
2) ұшуды орындау құқығына арналған куәлік – Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидасында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін құжат;
Полная версия

