«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидалар бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидалар бекіту туралы
Қоса беріліп отырған Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы
жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi
қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті (Сарсенов Б.Н.):
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді;
«Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде жолдануын;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
| «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ____________ Ә. Исекешев 2014 жылғы «____»________ |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидалар
1. Жалпы ережелер
Қазақстанның бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi. Осы Қағидалар Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою тәртiбiн айқындайды.
Полная версия

