2014 жылғы 16 қазандағы № 9-2-6/3080-и хатқа
«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 11218 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасында «құжаттар тізбесі» тұжырымдамасы көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерін де, көрсетілетін қызметті алушыны да жаңылыстыруға әкеп соқтырады, «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібімен мемлекеттік қызметті көрсетуді бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының орман пайдаланудың түрі, көлемі мен жері көрсетілген өтініші ғана жеткілікті.
Осыған орай 4-тармақтың 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазу мақсатқа сай деп санаймыз:
«көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде»;
9-тармақты мынадай редакцияда жазу қажет: «Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ағаш кесу билетін немесе орман билетін алу үшін жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті еркін нысандағы өтініш».
«Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін; аңшылық шаруашылығы; қосымша орман пайдалану қажеттілігіне ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін орман ресурстары берілетін мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобасындағы 9-тармақтың 3) тармақшасында «эскизге (эскиздік жоба) экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы» деген талап көзделген.
Осы тармақты алып тастау мақсатқа сай деп санаймыз, сыбайлас жемқорлыққа және қосымша кедергілерге жол бермеу мақсатында эскизді (эскиздік жобаны) жергілікті атқарушы органмен, функциясын сәулет және қала құрылысы саласында жүзеге асыратын оның құрылымдық бөлімшесімен келісу жеткілікті.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету, бюрократизм мен сарсаңға салуды болдырмау мақсатында 9-тармақтың 2) тармақшасын мынадай редакцияда жазу қажет: «салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бере отырып мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру шартының көшірмесі».
Мемлекеттік қызметті порталда көрсету кезінде 9-тармақтың 2) тармақшасын мынадай редакцияда жазу қажет: «мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру шартының сканерленген көшірмесі»;
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік орман иеленушінің сканерленген жазбаша келісімі». Электрондық құжат нысанында сұратылған кезде көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері құжаттың электрондық көшірмесін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжатының түпнұсқасына қарап растай алады.
«Электрондық үкімет» электрондық құжат айналымы жүйесінде көрсетілетін қызметті алушылар туралы деректерді жедел іздеу мақсатында «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшадағы және «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға» өтінімдегі өтініштер бланкілерінің нысандарына жеке тұлғалар үшін ЖСН, заңды тұлғалар үшін БСН көрсетілген баған қосу қажет.
9-тармақтың 2) тармақшасын сұрау салынған құжаттар тізімінен алып тастау немесе мынадай редакцияда жазу мақсатқа сай деп санаймыз:
«мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендерлік комиссия хаттамасының көшірмесі», себебі мемлекеттік сатып алу тендерлерінің нәтижелері туралы деректер http://zakupki.kz/ сайтының электрондық базасында бар, бұдан басқа қолданыстағы орман пайдалануға беру шарты көрсетілетін қызметті алушының нақты мемлекеттік орман қоры учаскесін ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру шарты бойынша иеленуіне мемлекеттік сатып алу нәтижелерін растайды.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету және қосымша кедергілерді болдырмау мақсатында 9-тармақтың 3) тармақшасын мынадай редакцияда жазу мақсатқа сай деп санаймыз: «1 данадағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру шартының көшірмесі». Ал 9-тармақтың 3) тармақшасындағы порталдағы құжаттар тізбесі мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру шартының сканерленген көшірмесі». Себебі, электрондық құжат нысанында сұратылған кезде көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері құжаттың электрондық көшірмесін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжатының түпнұсқасына қарап растай алады.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген. Онда қоса берілген «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру» нормасы жоқ.
Осыған байланысты, осы норманы жоғарыда көрсетілген тізілімге енгізгенге дейін 4-қосымшаны толық алып тастау мақсатқа сай деп санаймыз.
Ұсынылған «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасында балық аурулары таралуының эпизоотикалық жағдайын анықтауда диагностикалық мақсаттар үшін материалдарды іріктеу бойынша талап көзделмеген.
Осы жоба мазмұнының редакциясын мынадай мәтінмен толықтыру мақсатқа сай деп санаймыз: «ҚР АШМ ВБжҚК Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық РМК-ге эпизоотикалық жағдайды анықтау үшін диагностикалық мақсаттарда балық аулауға рұқсат беру».
Жоғарыда баяндалғанның негізінде бұйрық жобасын пысыктау барысында ұсынылған ұсыныстар мен ескертулерді ескеруді сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес негізделген жауап беруді сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен
комитетінің Хатшылығы
хатшысының орынбасары Д. Ошакбаев
Полная версия

