Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
«Бағалау қызметi мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Бағалау қызметi мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
1. Қоса берiлiп отырған:
1) осы бұйрыққа 1 –қосымшаға сәйкес «Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б.Имашев
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2014 жылғы « »_________ №_____ бұйрығымен бекiтiлген
«Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. «Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.».
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
Полная версия

