Близость слов: Окончание:





«Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысанын алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштер нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысанын алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштер нысандарын бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) лицензияны  және (немесе) лицензияға қосымшаны  алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;  
2) білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияны  және (немесе) лицензияға қосымшаны  алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;  
3) лицензияны  және (немесе) лицензияға қосымшаны  алуға арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;
4) лицензияны  және (немесе) лицензияға қосымшаны  қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
5) лицензияны  және (немесе) лицензияға қосымшаны  қайта ресімдеуге арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;
8) білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымшаның нысаны;
10) объектке арналған лицензияға қосымшаның нысаны;
11) этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы саласындағы қызметке лицензияның нысаны;
12) алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметке лицензияға қосымшаның нысаны;
13) ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензияның нысаны;
14) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметке лицензияның нысаны;
15) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметке лицензияның нысаны бекiтiлсiн.
Полная версия
ИС BestProfi