Близость слов: Окончание:





«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 20 қазандағы № 11481 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес Қағидалардың 4-тармағындағы ведомствоаралық комиссияның құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлерімен, облыстың (ауданның) мемлекеттік тұқым инспекторымен, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдерімен бірге ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдерін қосу қажет деп санаймыз.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген тармақтағы «қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдерімен» деген сөздерді «салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың» деген сөздермен ауыстыруды ұсынамыз. 
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының негізінде дәлелді жауап ұсынуды сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің Хатшылығы хатшысының орынбасары М. Уксикбаев
Полная версия
ИС BestProfi