Близость слов: Окончание:





«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына, жарылғыш материалдарға, олар қолданып жасалған азаматтық пиротехникалық заттарға, сондай-ақ атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру құжаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 28 қазандағы № 11972 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
 Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына, жарылғыш материалдарға, олар қолданып жасалған азаматтық пиротехникалық заттарға, сондай-ақ атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру құжаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру» стандартына (бұдан әрі - Жоба) қатысты.
1. Жобаның 9-тармағына сәйкес азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері мен патрондарын әкелу (импорттау) құқығына қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (заңды тұлға) көрсетілетін қызметті берушіге нақты түрлері, үлгілері, модельдері, саны көрсетілген, ұйым басшысы куәландырған спецификациясын қоса бере отырып, қару мен оның патрондарын жеткізіп беруге шарттың (келісімшарттың) көшірмесін және нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.  
Бір құжаттың екі түрін ұсыну орынсыз деп есептейміз, осыған орай нотариалды куәландырылған көшірмесі бойынша талапты алып тастау қажет.
2. Жобаның 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату лицензиясының, қолданылу мерзімі 12 ай қару мен оның патрондарын сатып алу лицензиясының, экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген импортқа лицензияның мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді, тиісті ережені бекітуді көздеу қажет.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» (бұдан әрі - Тізілім) сәйкес жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру тегін жасалады.
Осыған орай, тиісті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-тармағын Тізілімге сәйкес келтіру қажет.
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Казахстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Полная версия
ИС BestProfi