Близость слов: Окончание:





Қызылорда қаласының әуежайына әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге рұқсат беру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы" 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 және "Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы" 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1134 қаулысы
         Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласының әуежайына әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағында стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы қалаларының әуежайларында халықаралық авиатасымалдар үшін ашық өткізу пункттері» деген 1-кіші бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 18.08.2022 жылғы № 571 Қаулысына сәйкес (24.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Инвестициялар және даму, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi