Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1133 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 590-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісінде:
4-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағында тігінен - паспорттың нөмірі орналасқан.»;
5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 1-бетінде қазақ және ағылшын тiлдерiнде (№ 2-сурет):
6. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 2-беті Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады (№ 3-сурет):
беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі - көзбен көру аймағы, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады:
Полная версия
ИС BestProfi