Близость слов: Окончание:





«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған   бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған   бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесінің жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
  4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметінің 20__ жылғы «____» _________ № ___ қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап, бірақ оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi