Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.02.2016
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 11 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 14.01.2016 жылғы № 13 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 08.11.2012 № 1416 (06.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.10.2014 жылғы № 1154 Қаулысымен (08.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;
2) инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі;
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2003 жылғы 8 мамырдағы
 N 436 қаулысымен
 бекiтiлген
Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт
Келісім-шарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 08.11.2012 № 1416 (06.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі)
Келісімшарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.10.2014 жылғы № 1154 Қаулысымен (08.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт, бұдан әрі Тараптар деп аталатын
_____________________________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________ атынан
(басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның аты, әкесінің аты)
________________________________________(бұдан әрі — уәкілетті орган)
Полная версия
ИС BestProfi