Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 қазанда № 9803 тіркелді
Осы Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (02.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 249 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.04.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (02.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге ұсынсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 27 тамыздағы
№ 167 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары
Нұсқаулық атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (02.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) және «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі – тізілімдер жүйесі) жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (02.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шот;
2) ақпараттық жүйе - ақпараттық-бағдарламалық кешен қолданыла отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі - бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
4) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын тізілімдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
5) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
6) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
7) операциялық күн - тіркеуші бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тіркеуді және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
8) инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шоты – инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын тiзiлiмдер жүйесiндегi жеке шот;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi