2014 жылғы 27 қазандағы шығыс №39-39-67/308-и хатқа
«Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 13449 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сол немесе өзге кәсіпорындарды аса маңызды санаттағы ұйымдарға не болмаса санаттандырылған ұйымдарға жатқызу мәселесімен келіседі.
Сонымен қатар өлшем бойынша азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын бірқатар қалалардың Бұйрық жобасында көзделмегендігін және топтардың біреуіне де жатқызылмағандығын атап өтеміз.
«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңынын 20-бабы 2-тармағынын 4) тармақшасына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша үшінші топқа халқының саны он мың адамнан екі жүз елу мың адамға дейiнгі, аумағында аса маңызды санаттағы бір ұйым немесе екеуден астам санаттандырылған ұйым орналасқан қалалар жатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің статистикалық ақпаратына сәйкес 2014 жылғы 1 қазанға Шахтинск қаласы халқының саны 57 408 адамды құрады, бұдан басқа Бұйрық жобасында аталған қалада алты санаттандырылған ұйым бар екені көрсетілген (597-602-тармақтар).
Осылайша, Шахтинск қаласы азаматтық қорғаныс бойынша қалалардың үшінші тобына жатқызылуы тиіс.
Алайда, Шахтинск қаласы Бұйрық жобасында көрсетілмеген және азаматтық қорғаныс бойынша топтардың біреуіне де жатқызылмаған.
Сол сияқты Үштөбе, Сарқан, Үшарал, Текелі, Талғар, Қаскелең, Есік, Жаркент және Лисаков қалалары азаматтық қорғаныс бойынша топтардың біреуіне де жатқызылмаған.
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Казахстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Басқарма мүшесі Г. Курбанбаева
Полная версия

