Близость слов: Окончание:





«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 13460 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi - министрлiк) көрсетiлген нормативтердi есептеу әдiстемесін және нормативтiк есептеулер негiздемелерін ұсынбаған. Осыған байланысты, жоғарыда аталған әдiстемені Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсынуды сұраймыз. Аталған әдістеме болмаған жағдайда, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлеп бекітуді ұсынамыз.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы №734 қаулысымен (бұдан әрi - Үкiмет қаулысы) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілген болатын. Сауда объектiлерінің жыл сайынғы көбеюіне қарамастан, сауда алаңдарының тапшылығы орын алуда. Алайда, Министрлiк ұсынған ең төменгі нормативтер өзгерген жоқ.  
Осыған байланысты, Ұлттық палата қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерiнiң сандық көрсеткiштерiн ұлғайту жағына қайта қарауды ұсынады.
Осы Бұйрық жобасын орындау мақсатында Ұлттық палата жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк жоспарлау құжаттарын, бас жоспарларды, өңірлік бағдарламаларды, сондай-ақ стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру схемасын әзiрлеу барысында бекітілген қамтамасыз етудің нормативтерiн ескеруді ұсынады. Ондай жағдайда халықты сауда объектiлер алаңымен қамтамасыз етудің нормативтерi өңірлік билік органдарын сауданы дамытуға ынталандырудың негiзгi құралы болады.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жіберуді сұраймыз.
Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Альтаев
Полная версия
ИС BestProfi