Близость слов: Окончание:





«Теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 13524 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
 Инвестициялар және даму министрлігі
2014 жылғы 27 қазандағы
 № 22-01-22-8/233,
 2014 жылғы 07 қазандағы
 № 20-20-01/1065 хаттарға
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Әдістеме) қарап, келесіні хабарлаймыз.
1. Казіргі кезде «Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне (БАЖ) қол жеткiзу және өзара технологиялық iс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 тамыздағы № 931 Қаулысы кабылданды. Осы БАЖ-дың ақпараттық ресурстары тасымалдау құжаттарын ресімдеуге рұқсат; жолаушы тасымалдауларын басқаруды мониторингтеудің есептік деректерін пайдалануға рұқсат; анықтама-ақпараттық ресурстарға рұқсат (ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсету үшін) түрлерін ұсынуға мүмкіндік береді.
БАЖ тасымалдаушылардың мәліметтерді электронды түрде енгізуіне, сондай-ақ билеттердің сатылуына қарай осы мәліметтерден қажетті есептерді автоматты түрде құрастыруына мүмкіндік береді. Осы жағдайда тасымалдаушыларға жол жүру билеттерiн сату және қызметтерді көрсету процесін автоматтандыру міндеттерін жүктеу, сондай-ақ тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің БАЖ-бен біріктірілуін қамтамасыз ету қажет болады.
Осыған орай, Әдістеменің 9-тармағын мынадай редакциядағы жаңа абзацпен толықтыруды ұсынамыз:  
«Жолаушыларды тасымалдаудың нақты көлемі, билеттердің құны, рейстердің саны бойынша мәліметтерді және осы Әдістемеде көрсетілген параметрлер есептелетін әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша қалған деректерді жинауды уәкілетті орган Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және өзара технологиялық iс-қимыл жасау қағидасына сәйкес электронды түрде жүргізеді».  
Сондай-ақ, Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесінің 7-тармағында жоспарланатын жолаушылар айналымын және тасымалданған жолаушыларды есептеу кезінде пайдаланылатын өткен кезең бойынша нақты деректердің көзі (елдің жиілігі, жолаушылар айналымы, орташа қашықтығы) магистральдық темір жол желісі операторы құжатының деректері болып табылады деп айқындалған. Сәйкесінше, барлық қажетті деректер МТЖ операторының («ҚТЖ» ҰК» АҚ) БАЖ-да бар.
2. Әдістемеде есептеу үшін параметрлердің бірі болып бағаны көтеру коэффициентi белгіленген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін нақты кірістерді есептеу формулалары айқындалған. Бұл ретте осы бағаларды көтеру коэффициенттерiн есептеу формулалары жоқ, тек олардың формальды анықтамалары берілген және коэффициенттерді мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган есептейді және береді деп айқындалған. Сонымен бірге, осындай деректерді беру тетіктері мен құралдары айқындалмаған.  
Бұл өз кезегінде, негізгі параметрді - теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды есептеудің бүкіл тізбегін бұзу тәуекелі бар. Баяндалғанның негізінде, Әдістемеде осы коэффициенттерді есептеу формуласын, оларды бір мемлекеттік органнан басқа органға беру және қабылдау рәсімін сипаттауды ұсынамыз.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева
Полная версия
ИС BestProfi