2014 жылғы 22 қазандағы № 42-03-13-319 хатқа
«Геодезия және картография» кәсіби стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 13882 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Геодезия және картография» кәсіби стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 336-ө бұйрығымен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес білім, білік пен дағды барлық еңбек функциялары үшін көрсетілуі, қайталанбауы, кәсіппен және КС-пен тікелей байланысты болуы тиіс, барлық білім, білік пен дағды тұжырымдамалары нақты болуы және еңбек функцияларының негізін көрсетуі тиіс.
1. Кәсіби стандарт паспортындағы «бөлім», «негізгі топ», «кәсіптік топ» жолдары толтырылмаған.
2. 6-дәрежелі геодезистің кәсіп карточкасындағы:
- 1-ші еңбек функциясында жоғары дәлдікті негізгі геодезиялық, астрономиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау үшін білімге қойылатын талаптар жоқ;
- «Геодезиялық өлшемдердің нәтижелерін математикалық өңдеу» 2-ші еңбек функциясында аталған еңбек функциясының іске асырылуын тікелей қамтамасыз ететін білік пен дағды көрсетілмеген;
- «Сараптама және есеп пен есепке алу құжаттамасын жүргізу» 3-ші еңбек функциясында сараптаманы қамтамасыз ететін білік пен дағды көрсетілмеген.
3. 6-дәрежелі картографтың кәсіп карточкасындағы «Тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізу» 2-ші еңбек функциясы абстракты деңгейде және тұжырымдамасына сәйкес картографтың кәсіп қызметінің мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз етпейді.
4. 6-дәрежелі аэрофотогеодезистің кәсіп карточкасындағы «Фотограмметриялық және геодезиялық өлшемдердің нәтижелеріне математикалық өңдеуді орындау» 2-ші еңбек функциясында фотограмметриялық және геодезиялық өлшемдердің нәтижелеріне математикалық өңдеуді орындауды тікелей қамтамасыз ететін білік, дағды мен білім көрсетілмеген.
5. 4-дәрежелі топографтың кәсіп карточкасындағы:
- «Топографиялық карталар және жоспарлар құру және жаңарту» 1-ші еңбек функциясында білік пен дағды жалпы түрде, яғни «тапсырмаларды нақтылау, міндет қоя білу, нәтижесін бағалау» деп көрсетілген және аталған еңбек функциясының негізін көрсетпейді;
- «Технологиялық жабдықтарды өлшемдер дәлдігінің белгіленген нормаларына сәйкестігіне мониторингілеу» 2-ші еңбек функциясында келтірілген білік пен дағды технологиялық жабдықтарға жүргізілетін мониторингпен байланысты емес.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес ұсыныстармен келіспеу туралы дәлелді жауап жіберуді сұраймыз.
Адами капиталды дамыту департаментінің директоры А. Абубакиров
Полная версия

