Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2020
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 1198 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
«5. Қаруды тіркеу кезінде ішкі істер органы қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негізінде бес жыл мерзімге осы қаруды сақтауға рұқсат береді.»;
«6. Қаруды сақтауға рұқсат беру үшін:»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.»;
«26. Аңшылық оқ-дәріні, жарақталған патрондарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль көлігімен тасымалдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тасымалданатын қару мен патрондар қорапқа орап салынады, оған жүк тасымалдаушы ұйым мөр басады немесе пломбалайды.
Оқ-дәріні тасымалдаған кезде жүру бағыты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.»;
«28. Қаруды (оның негізгі (құрамдас) бөлшектерін) және оның патрондарын пошта арқылы, оның ішінде халықаралық пошта арқылы жөнелтуге жол берілмейді.
29. Қызметтік қаруды, патрондарды, оқ-дәріні түрлі көліктермен тасымалдау көліктің осы түрі үшін белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Қару оқсыз, қапталған түрде, ал патрондар қорапқа орап салынып тасымалданады.»;
Полная версия