Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес 
Редакция 03.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (28.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер;
3) көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 13 қарашадағы
 № 1196 қаулысымен
 бекітілген
1. Осы Жол жүрісі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы жол жүрісінің бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомагистраль – көлік құралдарының жүруі үшін жобаға сәйкес арнайы салынған немесе реконструкцияланған, жол бойындағы иеліктерге қызмет көрсетпейтін жол. Оған тек басқа жолдардан ғана әртүрлі деңгейлердегі жол айрықтары арқылы өтуге болады. Бұл жолдың:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.10.2017 жылғы № 667 Қаулысына сәйкес (02.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
бір-бірінен жүруге арналмаған бөлу жолағымен бөлінген, әртүрлі бағытта жүру үшін бөлек жүру бөліктері бар;
басқа жолдармен, теміржолдармен және трамвай жолдарымен және жаяу жүргінші жолдарымен бір деңгейде қиылыстары жоқ;
автомагистральға кіру кезінде 5.1 белгісімен және шығу кезінде 5.2 белгісімен автомагистраль ретінде арнайы белгіленген (осында және бұдан әрі жол белгілерінің нөмірленуі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келтіріледі);
2) автобус — жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль;
Полная версия
ИС BestProfi