Близость слов: Окончание:





Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысы
Редакция 22.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.11.2024 жылғы № 927 Қаулысына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін айқындауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және бекiту кезiнде:»;
«1-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.»;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1183 Қаулысымен (02.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) 2014 жылдың соңына дейінгі мерзімде әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындауды регламенттейтін ішкі құжаттарын осы қаулыға сәйкес бекітілген әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттеріне сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) компанияның бірінші басшылары мен оның орынбасарларының шетелдік іссапарларын жалғыз акционермен келісуді міндетті түрде қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi