«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 18-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 қарашада № 9915 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.06.2016 жылғы № 274 Бұйрығына сәйкес (21.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 05.05.2018 жылғы № 164 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.06.2016 жылғы № 274 Бұйрығына сәйкес (21.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығымен бекітілген
Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі
Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.06.2016 жылғы № 274 Бұйрығына сәйкес (21.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнай операцияларын жүргізген кезде:
1) ұңғымалар объектілерін сынау кезінде;
2) кен орнын сынамалы пайдалану кезінде;
3) газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін анықтайды.
2. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) газ жағу нормативтері – өндірілетін газ көлемі мен газ факторын ескере отырып, осы Әдістемеде белгіленген формулалар негізінде есептеу жолымен анықталатын өлшем;
Полная версия