1. Осы Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малға бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулы
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жүргізу тәртібі
3. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды (бұдан әрі – ІҚМ) жыл бойы бонитирлейді:
1) бұқаларды жылына бір рет;
2) сиырларды сауын маусымы аяқталғаннан кейін;
3) қашарлар мен асыл тұқымды бұқашықтарды алты айлық жастан бастап.
Бонитирлеу нәтижелері бойынша 1 қарашадағы жай-күй бойынша есеп жасалады.
4. ІҚМ бонитирлеу кезінде жануарларды тиiстi сынып бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау жүргізіледі.
Бонитирлеу алдында:
1) жануарлардың жеке нөмірлерін тексеру, нақтылау және қалпына келтіру;
2) жануарлардың салмағын өлшеу (таңертең азықтандырылғанға дейін);
3) асыл тұқымдық есепке алу жазбаларын нақтылау.
5. Бонитер-сыныптаушы жануарларды бонитирлеу туралы деректерді селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына (бұдан әрі – САТЖАҚ ) енгізеді.
1-параграф. Тұқымдылықты айқындау
6. ІҚМ тұқымдылығы жануарды қарап-тексеріп, тұқым типінің көрінімділігі анықталып, зоотехникалық және асыл тұқымдық есепке алу негізінде анықталады. Тұқымдылығы бойынша таза тұқымды және будандастырылған жануарлардың топтары бөлінеді.
Полная версия

