Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 10 қазандағы
 № 3-3/517 бұйрығына
 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және биязы жүнді қой тұқымдарына бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитерлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу тәртібі
3. Жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді өнімділік бағытындағы биязы жүнді қойлар таза тұқымды қойлар мен будандарға бөлінеді.
4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады:
1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар;
4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануарлар.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады.
6. Биязы жүнді қой тұқымдары өнімділік бағыты бойынша: жүнді қойлар; жүнді-етті және етті-жүнді қойлар болып бөлінеді.
Жүнді-етті тұқымдарға мыналар жатады: оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақстандық меринос.
Етті-жүнді тұқымдарға мыналар жатады: қазақтың биязы жүнді, қазақ арқармериносы, «етті меринос».
Қазақстан Республикасында өнімділіктің жүн бағытындағы қойлар өсірілмейді.
7. Биязы жүнді қойлар жеке немесе сыныптық бонитирлеуге жатады.
Полная версия
ИС BestProfi