Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 10 қазандағы
 № 3-3/517 бұйрығына
 5-қосымша
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларға (бұдан әрі – қойлар) бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Қойларды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Қойлар таза тұқымды қойлар мен будандарға бөлінеді.
4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады:
1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар;
4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануар.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады.
6. Қойлар жеке немесе сыныптық бонитирлеуге жатады.
Ересек қошқарлар (негізгі, резервтік, сынамалар), өсімді молайтатын қошқарлар, селекциялық топтың саулықтары мен тұсақтары, селекциялық топтың саулықтарынан алынған барлық төлдер, өз табындарының өсімін молайтатын және табынға өткізуге арналған барлық асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтар толық жеке бағалауға жатады.
7. Өз табынының өсімін молайтуға арналған асыл тұқымды емес жануарлардан алынған барлық тұсақтар сыныптық бағалауға жатады. Тірідей салмағы мен дене бітімінің типіне, құйрығының пішіні мен көлемі, жүннің массасы, сыныбы және түсі бойынша бағаланады. Белгілердің сипаттамасы жасалмайды.
8. Қойларды бонитирлеу күзде мал семіргеннен кейін тірідей салмағы, көктемгі және күзгі жүнінің сапасы мен жалпы қырқымы ескеріле отырып, жүргізіледі.
9. 4-5 айлық жастағы жас төлді бонитирлеу кезінде қозы жүннің қырқымы, 15-18 айлық жастағыларда көктемгі қырылым ескеріледі.
10. Табында қалдырылған тоқтылар төрт айдан он сегіз айға дейінгі жаста негізгі шаруашылықта пайдалы белгілері бойынша толық жеке бонитирлеуден өтеді.
Полная версия
ИС BestProfi