Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 10 қазандағы
 № 3-3/517 бұйрығына
 9-қосымша
9-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.04.2019 жылғы № 147 Бұйрығымен (19.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Өнімділік бағытындағы жылқылардың бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Өнімділік бағытындағы жылқыларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділік бағытындағы жылқыларға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Өнімділік бағытындағы жылқыларды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Өнімділік бағытындағы жылқыларды бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Бонитирлеуді жүргізу үшін мыналар болуы қажет:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес бірдейлендіру;
«Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11269 болып тіркелген) 6-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша (бұдан әрі – Нысан) жануар туралы деректер.
4. Бір мезгілде жас малдың шығу тегі, бірдейлендіру, зоотехникалық оқиғалар, өсуі мен дамуы туралы деректерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда (бұдан әрі – АТЖ) және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында (бұдан әрі – САТЖАҚ) көрсетілген ұқсас мәліметтермен салыстырып тексеру жүргізеді.
5. Жылқыларды өлшеуіш таяқшамен және өлшеуішпен өлшейді. Бұдан басқа бонитерлеу кезінде жылқылардың тірідей салмағы анықталады.
6. Әрбір бонитирленген жылқыға 1-нысан немесе 2-нысан бойынша карточка толтырылады.
7. Жылқыны бонитирлеу жыл сайын жүргізіледі, бірақ әрбір жылқы өмірінде үш рет бонитирленеді:
1) бірінші бонитирлеуді 1,5 жаста сүттілігі және төлінің сапасы бойынша бағалаудан басқа барлық көрсеткіштер бойынша жүргізеді. Бұл деректерді аналықты және айғырларды төлінің сапасы бойынша бағалау үшін, сондай-ақ төлдерді асыл тұқымды мақсаттарда өсіру үшін таңдау кезінде пайдаланады. 1,5 жастан асқан жылқыларды бірінші рет бонитирлеу жаңадан ұйымдастырылған фермаларда жүргізіледі.
2) екінші бонитирлеуді 2,5 жаста сүттілігі және төлінің сапасы бойынша бағалаудан басқа барлық көрсеткіштер бойынша жүргізеді;
3) жылқыларды үшінші бонитирлеуді сүттілігі және төлі бойынша бағалауды қоса алғанда, барлық қасиеттерді қамти отырып, 5,5 (бес жарым) жаста жүргізеді.
8. Толық жастағы жылқыларды бонитирлеу төлінің сапасы туралы деректердің жинақталуына қарай нақтылайды.
9. Өнімділік бағытына жылқылардың мынадай тұқымдары мен типтері жатады:
Полная версия
ИС BestProfi